"Жас заңгерлер палатасы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағидолла Мүтиғоллаұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа замандағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі" жолдауына қатысты пікір білдірді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында біршама мәселелерді көтерді. Яғни педофилдерге заң қатаңдату, ауыл әкімдерін халықтың сайлауы, онлайн петицияға қол қоятын бірыңғай платформаның ашылуы т.б. Жолдауда мемлекет басшысы балалар құқығын қорғау және олардың қауіпсіздігіне аса назар аудару керектігін баса айтты. Мен бұл бастаманы толықтай қолдаймын. Қазіргі уақытта бұл өте өзекті проблемаға айналды. Жалпы біз кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатаңдата отырып, оны іс жүзінде іске асыра білуіміз қажет, – дейді ол.
Ол президент Жолдауында қаралған мәселелер сөз жүзінде емес, істе нәтижесін көрсетуді атап өтті.
– Менің ойымша мұндай балалардың құқығын таптаған педофилдерге аяусыз жаза қолдануымыз тиіс. Әрине, біз жақсы бастаманы қолдаймыз, бірақ мұнымен заңгерлер тығыз жұмыс жасау қажет, – деп атап өтті Сағидолла Мүтиғоллаұлы.
Пікір қалдыру